Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
КГУ "Средняя Школа №0"
города Города


8 (7172) 987-654, 98-76-54

"АНА ТІЛІ-АСЫЛ ҚАЗЫНА!”


Ана тілі-асыл қазына!”         

Басты мақсат тілімді —

Тұғырына қондыру.

Асқақтатып үнімді,

Бар әлемді таң қылу.

Қастасқанмен достасам

Айтам досқа базына,

Сарқылмайтын ешқашан,

Қазақ тілі — қазына

Түкпірінде сананың…

Болмау керек тас-талқан

Қазынадан, қарағым.

Қалайша мен бастартам?!

Намысыңды қайрайды,

Жігеріңді құм қылма.

Өз тілінде сайрайды,

Ормандағы бұлбұл да.

…Дәмін татты көп қышқыл

Қызың менен ұлың-ай.

Шідерленді жетпіс жыл,

Қайран менің тілім-ай!

Ғұмыр берші, Жасаған.

Баста тұрсын мәңгі бақ.

Тұсауынан босаған.

Қазақ тілі — арғымақ.

Егесіне қайтқандай,

Айтайын мен қарымды ой.

Қадыр ақын айтқандай

Ана тілің арың ғой.

Санаңызды рас тербеп,

Шығарам ой сандықтан.

Өз тіліңді қастерлеп,

Құрметтеші сондықтан.

Тіл туралы өлеңім,

Таяп қалды соңына,

Тіл қымбат қой өз елім,

Ұмытпайық оны да.

(c) Жұбаназар Думан305564430_1210558866392654_2765983339941848721_n.jpg   305959146 1210556963059511 7818574140965737166 n


Пікір жоқ
81 қаралды
Авторы: asanov.aknar
Қосылды: 16.03.2023 в 23:37

Choose Color