“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” жоспары аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Қ.Гапбарова,А,Созақбаева
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбында мақала жазды.
Мақала
«Бала дегеніміз-болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай таза болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген» -деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санасы, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.
Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әректтердің заңға қарама – қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстығын аңғартады. Заңды аттамай , тура жолмен жүріп , еліне адал қызмет еткен қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу - заман талабы.
Баланың өз ата – анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан – жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадір – қасиетінің құрметтеуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселерді шешкенде өз ой – пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікіріменде санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның қажеттігі болмағанда ескеріледі.
Көптеген Еуропа мемлекеттерінде , АҚШ – та, Канада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата – аналарының дөрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата – аналарынан айыппұл алады.
Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы төлейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.
Көптеген Еуропа мемлекеттерінде ,
АҚШ – та, Канада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата – аналарының дөрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата – аналарынан айыппұл алады.
Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы төлейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Қ.Гапбарова, А,Созақбаева