06.12.2022ж күні №10 жалпы білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларына “Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде жасөспірімдер арасында қылмыс, қылмыстық теріс қылықтың жай-күйі, қылмыстық әрекеттерге бармау, қоғам мен өмірге адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында жергілікті полиция басшылығының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Жаңаөзен қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы Қосанов Мырза, мектеп инспекторы Тойлы Мәди қатысты. Оқушыларға қылмыстың түрлері туралы айтып, ҚР қылмыстық кодекстің баптарын таныстырды.
Кездесу барысында инспектор оқушыларға қылмыс түрлерінің ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу салдарының жауапкершілігі, жаза түрлері түсіндірілді. Сонымен бірге оқу орнына өткір, үшкір құралдар мен қолдануға болмайтын электронды темекі және зиянды заттарды әкелуге және қолдануға болмайтындығы жөнінде ескертілді.
Кездесу соңында оқушылар өз сауалдарына жауаптар алды.
Показать перевод