«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу» және «Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбында мектеп инспекторы М.Тойлы
8-11 сыныптар арасында баяндама жасады.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Э.Досыбай 2021-2022 оқу жылында жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың,Зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында жылдық жоспарға сәйкес мектептің мұғалімдері құрамынан тұратын кезекшілер бекітілді. Кезекшілер құрамы екі оқу кезеңіне бөлініп, мектептің әкімшілігі тарапынан жауапты адам бекітілді. Мектепішілік тәртіпті қадағалау мақсатында кезекші мұғалімдер өздеріне бекітілген орындарында оқушылардың тәртіп сақтауын бақылайды. Сонымен бірге, мектеп тәлімгері оқушылардың күнделікті сабаққа қатысын тексеріп, арнайы журналға енгізіп отырады. Сынып жетекші әр үзіліс сайын өз сыныптарынан табылуын қатаң ескертті.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.К.Досыбай өз сөзінде оқушылар мен «Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбында оқыс оқиғаларды айтып мысалдар келтірді. Жолаушылар жүретін жолақтан және де бағдаршамға қарап жолдан өтуді қатаң ескерті. Жол қауіпсіздігі, адам өміріне қәуіпті іс-әрекеттер туралы мысалдар арқылы жеткізді.