Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні мектеп инспекторы “Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу” және “Жолда жүру қауіпсіздігі” тақырыбында 8-11 сыныптарға баяндама оқыды. Сонымен қатар мектеп инспекторы өз сөзінде оқушыларға “Жолда жүру қауіпсіздігі” тақырыбында оқыс оқиғаларды айтып мысалдар келтірді.Жолаушылар жүретін жолақтан және де бағдаршамға қарап жолдан өтуді қатаң ескертті.Жол қауіпсіздігі, адам өміріне қауіпті іс-әрекеттер туралы мысалдар арқылы жеткізді.Кездесу соңында оқушыларға қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, әрқашан ұқыпты және сергек болып, жолда жүру жүру ережелерін білу және орындау қажет екендігі айтылды.
Пікір жоқ
28 қаралды
Авторы: asanov.aknar
Қосылды: 16.03.2023 в 22:25