Наурыз мерекесіне орай мектебімізде наурыз айының 13-і күні 9-10 сынып қыздары арасында “Бұрымды қыз" байқауы өткізілді.Білектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын"- деп, Абай атамыз өлеңге қосқан арулар байқауда өз бақтарын сынады.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Алдымен арулар
"Мен қазақтың қызымын" кезеңінде өздерін көпшілікке таныстырды.
Келесі"Қыз еркем-кестесімен көркем" кезеңінде қыздар өз қолдарымен жасаған қолөнер жұмыстарын көрсетті.
“Қыз тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді” кезеңінде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашып, ортаға салады. “Өнер” кезеңінде оқушылар өз өнерлерін яғни, қазақ халқының сән үлгісін көрсетеді.
Сондай-ақ "Сұлулық сыры" бөлімде аруларымыз қазақ халқының киім үлгісін сән көрсетіп, көрерменді тәнті етті.
Жалпы байқау нәтижесінде, байқауға қатысқан барлық қыздар дипломдармен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша 3 орынды
9 “В” сынып атынан шыққан Жандулла Балнұр иеленсе, 2 орынға 9 “Ә” сынып оқушысы
Демесін Ақұлпа, 1 орынға 10 “А” сынып оқушысы Шүкірбаева Ақниет лайық деп танылды. Ал байқаудың бас жүлдесі яғни "Бұрымды қыз" атағы барлық кезеңдерге жан жақты дайындалып, ерекше өнер көрсеткен 10 “Б” сынып оқушысы Сатым Мадинаға бұйырды. Сонымен қатар "Көрермен көзайымы" атағын
қатысушылардың ішіндегі 9 “Г” сынып оқушысы Каманова Раушан алды, ал ынталандыру номинациясы бойынша 9 “Б” сыныбынан қатысқан Наурыз Айгерім ие болды.