29.03.2022 № 04-14-470 хатына сәйкес
№ 10 жалпы білім беретін мектебінде
4- сәуір Халықаралық интернет күніне орай "Қауіпсіз интернет" ақпараттық науқаны аясында тақырып бойынша 9-10 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Қауіпсіз интернет" ақпараттық науқаны аясында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.Оқушылар ғаламтор желілерімен танысып, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін жетілдірді.
Кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты (интернет-қызметтерде) ересек қолданушылардың жауапкершілігін арттыру және интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді. Интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстырылды.