Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
КГУ "Средняя Школа №0"
города Города


8 (7172) 987-654, 98-76-54

ОРАЗМАҒАМБЕТ ТҰРМАҒАНБЕТҰЛЫНА 140 ЖЫЛ


Ассалмағалейкүм, ардақты ағайын! Теңге ауылы “Атамұра” мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ғалым, геолог, алаш қозғалысының қайраткері — Оразмағамбет Тұрмағанбетұлының 140 жыл толуына орай қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға қатысқан оқушыларым:

Жұбаназар Думан 1-орын 🥇

Есенгелді Нұрлан 2-орын алды.🥈

Осындай әдеби-сазды кешті ұйымдастырған “Атамұра” мәдениет үйінің басшысы Жүгембаева Гүлжан Саламаддинқызына, сондай-ақ Қармыс Разбаев, Нұрлан Мұрынов, Рамазан Тұрмағамбет ағаларыма да алғысым шексіз!

Оқушыларымның өлеңдерін оқып, бағасын берерсіздер!😉

Оразмағанбет атаға арнау

Размағанбет — алашымның арысы.

Адамдарды қуантқан ғой әрі ісі.

Қызылсуда келіпті дүниеге,

Бар қазақтың дей аламын барысы.

Әкесі білімді оның — Тұрмағамбет.

Ғылымнан ал ол кісі құр қалған бед(і)?

Діни мектеп ашыпты адамдарға,

Ол жақтан білім алды Размағанбет.

Жазайын атам жайлы мен бір дастан.

Ерлік деген намысшыл ерге ұласқан,

Деп атады Қызылдар: “халық жауы”

Құжатына осындай мөрді басқан.

Халыққа талай рет көмек берді,

Білімі ел-жұртына керек болды,

Германия, Түркия, Иран барып,

Әр елден іздеген ғой деректерді.

Үңгірлерге кітаптарды жасырады.

Әр қалаға кітаптар тасылады…

Еңбектері ол кісінің зая кетпей,

Алматыда кітап боп басылады.

Жан ата, еңбектерің зая кетпес,

Мұраңның ешқашан да нарқы кетпес,

Колледж деген ,ата, сізге не тұрады?!

Университет атын берсе артық етпес.

Авторы: Жұбаназар Думан

Оразмағамбет Тұрмағанбетұлына арнау

Сусындап білім деген бір кеніштен,

Жалықпапты ешқашан ізденістен,

10 жасынан бастап ол білім алған,

Бұқара, Хиуа мен Үргеніштен.

Размағамбет атам туған Қызылсуда

Жыр бағыты Сізге қарай бұрылсын да,

Жан ата, өзіңізді жырлау үшін,

Нұрландай түсті , міне, бір ұл сынға.

Кітапты оқыды ол екі есе,

Білім алған жері оның медресе.

Баярунас - досы оның, білімді адам,

Қызылдардан қорлық көрді көбінесе.

Елейді еңбегіңді көрсе алашым,

Өнеріңмен өмірден енші аласың.

Қазақтардың ішінен сол заматта,

Алғаш(қы) боп зерттедіңіз кен саласын.

Бар тілек өзіңізге жолданғандай,

Біздерге сын шығады алдан қандай?

“Алдың бейіш, артың кеніш…” деген тілек

Туп-тура мына Сізге арналғандай.

Авторы: Есенгелді Нұрлан

284048422 1144525096329365 6715110996855207001 n 285138567 1144526652995876 4692783148075224898 n284935209 1144525176329357 5445503658397629319 n


Пікір жоқ
95 қаралды
Авторы: asanov.aknar
Қосылды: 16.03.2023 в 21:23

Choose Color