“Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге”
Жаңаөзен қаласы № 10 мектептің 5-сынып оқушыларының арасында мектепішілік “Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге” атты кітап оқу бәйгесін ұйымдастырдым. Бәйгеге әр сыныптан үздік деп танылған 2-3 оқушыдан қатысты. Бәйгеге Ш.Мұртазаның “Бір кем дүние” кітабы таңдап алынды. Кітапты белгілі бір уақыт ішінде аяқтап, сол кітап бойынша кітаптан алынған тест сұрақтары берілді.
Бәйгенің мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға баулу.
Қорытынды төмендегідей:
БАС ЖҮЛДЕ ЕСЕНГЕЛДІ НҰРЛАН
І орынАМАНГЕЛДІ ӘБІЛМАНСҰР
II орынЖҰБАНАЗАР ДУМАН
III орынМУСИЛ АЙША
III орынДҮЙМЕХАН ЫРЫСТЫ
III орынЕСБОСЫН НҰРАЙ
Қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Қатысқан барлық оқушыға блокноттар берілді. Алдағы уақытта (демеушілер қолдау білдірсе) бұл бәйгені қала көлемінде ұйымдастырмақ ниеттемін.