Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
КГУ "Средняя Школа №0"
города Города


8 (7172) 987-654, 98-76-54

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП»


Жаңа кітап бізде, асығыңыз Сізде!

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің кітапхана қоры бірнеше жаңа кітаптармен толықтырылды. Солардың бірі «Атамұра» баспасынан шыққан Төлен Әбдікұлының «Оң қол» повестер мен әңгімелер жинағы.

Белгілі жазушы Төлен Әбдікұлының бұл кітабына кезінде әдеби қауым мен жұртшылық жоғары бағалаған «Оң қол», «Әке», «Ақиқат» т.б. шығармаларының сыртында бұрын кітапқа енбеген «Қайырсыз жұма» әңгімесі мен «Біз үшеу едік» атты психологиялық драмасы еніп отыр.

Кітап оқып, рухани бай болыңыз!

Мектеп кітапханашылары: А.Жуматова, Т.Джанаева

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің кітапхана қоры бірнеше жаңа кітаптармен толықтырылды. Солардың бірі «Мазмұндама» баспасынан шыққан Дулатұлы Міржақыптың «Бақытсыз Жамал» романы.

«Бақытсыз Жамал» романы – қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман. Бұл роман тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи – әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

Кітап оқып, рухани бай болыңыз!

Мектеп кітапханашылары: А.Жуматова, Т.Джанаева


Пікір жоқ
35 қаралды
Санаты: Деятельность
Авторы: asanov.aknar
Қосылды: 16.03.2023 в 23:22

Choose Color